Бұл халықаралық зерттеу нәтижесі. Мұндай деректі HRBOX (HR-процестерді автоматтандыруға арналған ИТ -платформа) негізін қалаушы және директоры Василина Соколова Human Capital Days-2023 адами капиталды дамыту жөніндегі II Халықаралық форумы кезінде айтты.

«Жұмыс іздеушілердің 53% – ы гибридті немесе икемді жұмыс кестесін іздейді. Оны зерттеу нәтижесі көрсетті. (Кеңседегі жұмыс аптаның бір бөлігін құрауы қажет. Яки,  2-4 күн ғана болу керек)”, – деді Василина Соколова. – Осылайша, бұл үрдіс алдағы уақытта трендке айналады. Және қалыпты базалық стандарт ретінде қабылданады. Яғни,  осыдан келіп “Ақылды технологияларды” пайдалану туралы мәселе бірінші орынға шығады. Бұл жерде біз қызметкерге ыңғайлы әрі қолайлы қашықтан жұмыс орнын ұйымдастыру мәселесі туралы айтып отырмыз».

Пандемиядан кейін әлемдегі компаниялардың 74% – ы қашықтан  жұмыс істеуге көшуді дұрыс деп тапқан. Оны сарапшылар зерттеуі көрсетті, -деді спикер.

SAP HR өнімдері бойынша сарапшы Евгений Лаптев болса  жаһандық халықаралық компанияның ұстанатын негізгі трендтері жайлы айтты. Ол тек гибридті, ыңғайлы, икемді жұмыс графигі емес. Сондай-ақ, жұмыстың жүйелі ұйымдастырылуы, қызметкердің тәжірибесін тиімді пайдалану, жұмысшылар қауіпсіздігі, таланттарды тану және көшбасшылық ол да жұмыс беруші назар аударуы тиіс аса маңызды факторлардың бірі.

“Көшбасшылықтың жаңа моделі, жаңа буын көшбасшылығы – бұл бизнесті қолдау мен инновация. Алайда бұл тәсіл «төменнен – жоғарыға»  деген ұстаныммен жүзеге асуы тиіс. Тікелей жұмысшылардың өз қолынан шыққан кезде ғана олар тек тасымалдаушы емес, брендті де насихаттаушы болады”, – деп түсіндірді Евгений Лаптев.

HR жұмысын автоматтандырудың жаңа құралы адам ресурстарын басқарудың жаһандық HR трендтерінен тікелей дамытудан туындайды.

“HR-процестерді оңтайландырудың заманауи құралдары” панельдік сессиясының қатысушылары кадрларды іздеуге және іріктеуге, қызметкерлерді жаңа еңбек жағдайларына бейімдеуге, объективті деректер мен HR-метрикаларды талдау негізінде персоналды басқаруда көмектесетін IT-шешімдермен танысты. Осы мақсатта компаниядағы  қызметкерлердің корпоративтік мәдениеті мен ішкі коммуникацияларды дамытуы аса маңызды.

“Қызметкерді жұмысқа тарту бір бөлек, сол маманды ұстап қалу өз алдына бөлек мәселе. Жұмысты автоматтандыру, мысалы, жаппай рекрутинг ол қызметкерлерді таңдауда  барынша көмектесетін құрал. Мұнда чат-боттардың пайдасы зор екенін айта кеткен жөн. Әр бос орынға білікті маман іздеп, олардың әрқайсымен жеке-жеке 200-300 сұхбат жүргізу физикалық тұрғыдан мүмкін емес нәрсе. Сондай-ақ, жаңа қызметкерге саланы және өз міндетін жіті түсіндіру, яки, ол адамға қайда келгенін, компанияның мақсаты мен мүддесін тәпіштеп түсіндіріп, қандай ережелерді басшылыққа алу керектігін айтып, олардың жеке сұрақатарына жауап беріп, ары қарайғы қызметкерді дамыту жоспарын жасауыңыз керек. Ол оңай шаруа емес. Мұнда да жасанды интеллект көмекке келеді “-деп” Expertise ” ЖШС HR-менеджері Жарас Аққұлов өз тәжірибесімен бөлісті.

Бүгінде “дамыған” компаниялардың өзі  дерек жинауда, анализ жүргізуде, тіпті сол деректерді талдауда, шешім қабылдау  үшін жасанды интеллектті пайдаланады. Тұтынушыға хат жазу және ЅММ мамандарының орнына да ChatGPT технологиясын қолданады. Және ол қалыпты үрдіске айналып барады. Түйіндемені өңдеу, мәтін жазу, болжамды аналитика. Жасанды интеллект тіпті қызметкерлердің қайсысы алдын-ала болжанғанын анықтауға, HR мамандарын уақытында хабардар етуге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге де көмектеседі.

“Жұмысқа алу туралы шешім қабылдаудың жеделдігі жаңа қызметкерлерге ғана емес, компаниялардың өздеріне де маңызды талапқа айналуда. Жұмысты ұйымдастырудың жаңа жағдайында еңбек еткен мамандар, жұмыстан шығып кеткен қызметкерлер жиі  қайтып келіп жатады екен. Себебі, оларға жаңа формат ұнайтын көрінеді,-деді “Қазпошта” АҚ HR-әкімшілендіру басқармасының бастығы Жанна Хасенова. Сондай-ақ, ол өз басынан өткен тәжірбиесімен бөлісті.

Кәсіби қоғамдастықтағы мұндай қарым-қатынас HR мамандарына өз жетістіктерін бағалауға, трендтер мен мүмкіндіктерді игеруге, одан әрі жұмыс істеу үшін жаңа құралдар мен шабыт алуға мүмкіндік береді.

Форумға Әзербайжан, Қазақстан, Ресей, АҚШ және Өзбекстаннан 270-тен астам: басқарушы директорлар, HR-Директорлар және HR-серіктестер, жеке және квазимемлекеттік компаниялардың мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдер қатысты. Human Capital days-2023 бағдарламасы қызықты пікірталастар мен пайдалы шеберлік сабақтарына толы. Форум барысында  АХҚО АҚ, Теңізшевройл ЖШС, Weir Minerals, “Эйр Астана” АҚ “Қазпошта” АҚ, “ҚТЖ “ҰК” АҚ, “Ембімұнайгаз” АҚ, “Самұрық-Қазына”АҚ әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығының HR-мамандары өз еңбектері туралы айтып берді. Келелі кеңес барысында ASKLEPIY Group (Uzbekistan), Manpower, Ernst & Young, Samruk Qyzmet, «Дмитрий Чуприна & Партнеры», платформы корпоративного благополучия «EMPATIA», SAP, HRBOX, Lerna Corp компанияларынан келген аналитиктер мен сарапшылар өз болжамдарымен бөлісті.