18 мамырда Астанада адами капиталды дамыту жөніндегі II халықаралық форум өтеді

Human Capital Days форумы бұл –  адами капиталды дамыту, дұрыс қарым –қатынас орнату мәселесі бойынша әлемдік танымал білікті практиктер мен талдаушыларды бір ортаға біріктірген теңдесі жоқ бірегей мемлекетаралық алаң. Мұнда өзара қызу пікір алмасып, білім көкжиегін кеңейтіп, біліктілікті арттыруға болады. Ал, сала мамандары мен сарапшылар пайдалы әрі маңызды, аса кұнды ақпараттармен бөліседі.

Іс-шараға Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, АҚШ және Өзбекстаннан 270-тен астам қатысушы тіркелді. Олар: басқарушы директорлар, HR директорлары және HR серіктестері, жеке және квазимемлекеттік компаниялардың мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері.

Форумның бірінші күні қатысушылар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің спикерлерімен бірге Қазақстан Республикасының жаһандық мәселелерін талқылайды: еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік пен тапшылық, бар жаһандық сын-қатерлерді бағалау, еңбек көші-қонының әсері, ірі өнеркәсіптік компаниялардың персоналды дамытудағы рөлі, кадр саясатындағы ESG күн тәртібі, бизнес жағдайлары және квазимемлекеттік секторға жаңа мамандарды бейімдеу,  кәсіпорын үшін дағдарыстық жағдайларда қызметкерлерді босату бойынша жаңа пайдалы цифрлық жұмыс құралдарымен танысады.

Форумның екінші күні – HR стратегиялары күні. Талқыланатын тақырып: Фармацевтика саласында ұйымдық басқаруда ұжымдағы ішкі коммуникацияны нығайтуда, қызметкерлердің білім сапасын көтеруде, адал тұтынушылар тартуда, тұрақты ішкі коммуникацияларды құруда, еңбек даулары мен жанжалдарды шешуде  қай тәсіл табысты?  

Екінші күнді кәсіби тренер және бизнес-кеңесші, психология ғылымдарының докторы, халықаралық Эриксон университетінің негізін қалаушы және президенті Мэрилин Аткинсон ашады. Ол трансформациялық көшбасшылық туралы айтады.

Форум бағдарламасы қызықты талқылаулар мен пайдалы семинарларға толы. «АХҚО» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Weir Minerals», «Эйр Астана» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы кадр бөлімінің мамандары өз жетістіктері туралы баяндайды.

Болжамдар мен нақты бақылаулар жайлы ASKLEPIY Group (Өзбекстан), Manpower, Ernst & Young, Samruk Qyzmet, Dmitry Chuprina & Partners, EMPATIA корпоративтік әл-ауқат платформасы, SAP, HRBOX, Lerna Corp экперттері мен сарапшы мамандар кеңінен бөлісетін болады.

Кәсіби қоғамдастықтағы қарым-қатынас HR мамандарына өз жетістіктерін бағалауға, тенденциялар мен мүмкіндіктерді көруге, жаңа құралдар мен әрі қарай жұмыс істеу үшін шабыт алуға мүмкіндік береді.