Қазақ бидайына сыртқы нарықта сұраныс өсіп отыр. «Қазақстан темір жолы» 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылғы сәуірге дейінгі аралықта 7,6 млн тонна астықты экспортқа тасымалдаған. Бұл – былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 58%-ға артық (4,8 млн тонна). Ол жөнінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Экспорт көлемінің өсуіне сұраныстан бөлек, өнім өткізу географиясын кеңейту және логистика бағыттарын тиімді жетілдіру де себепші болып отыр дейді мамандар.
Қазақстан астығын бұрыннан сатып алып келе жатқан елдер де оның импортын өсірген. Мәселен Өзбекстан 2023 жылмен салыстырғанда 700 мың тоннаға көп дәнді дақыл сатып алған. (2,7 млн тонна), Тәжікстан — 1,1 млн тонна (2023 жылғы 726 мың тоннамен салыстырғанда +51%); Ауғанстан — 270 мың тонна (2023 жылғы 202 мың тоннамен салыстырғанда +34%); Қырғызстан — 181 мың тонна (2023 жылмен салыстырғанда 2 есе артты); Иран — 889 мың тонна (2023 жылғы 54 мың тоннамен салыстырғанда 16,4 есе өскен); Әзербайжан — 569 мың тонна (2023 жылғы 5 мың тоннадан 113,8 есе өскен).
Фото: gov.kz