IR (Industrial Relations ) корпоративтік басқарудағы рөлі туралы өндірістік қатынастар жөніндегі сарапшы Сағытжан Оралбаев айтты.

HR-қызметі  Қазақстанда халықаралық тәжірибе негізінде пайда болды. Әсіресе, елдің батысында, ТШО және NCOS ірі кен орындарында қолданылды. IR- мамандарының негізгі міндеті басшылықтың тапсырысы бойынша жасырын талдау жасау,  нақты бүгінгі таңда қызметкерлерді мазалайтын проблемаларды анықтау және “күйіп тұрған” ең өткір мәселелерді шешу жолдарын ұсыну. Мұндай мамандар компанияда ерекше, тәуелсіз көбіне аутсорсингте жұмыс істейді.

 “Жұмысшылардың жоғары жаққа шағымдануы, әлбетте компания басшылығына ұнамайды. Бірақ қызметкерлер өз өтініштері басшылар деңгейінде еленбегеннен кейін ғана шағымданады және осы мақсатта әлеуметтік желілерді қолданады. Жұмыс тәртібімен шешілмеген қарапайым мәселе ертең күшейіп, одан да күрделі жанжалға себеп болуы мүмкін, тіпті ел деңгейінде үлкен шуға ұласуы мүмкін. Ұжыммен үйлесімді ішкі коммуникациялар мен өзара жақсы  қарым – қатынас құру-компанияның ұзақ мерзімді өркендеуінің негізі”, – деп есептейді Сағытжан Оралбаев.

IR – жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы өндірістік қарым-қатынасты бақылайды,  еңбек қақтығыстарына жол бермейді және қызметкерлердің өзара түсінісбеушілігі кесірінен өндіріс жұмысының тоқтап қалмауын қамтамасыз етеді. Олар жұмыс берушілерге де, кәсіпорын қызметкерлеріне де еңбек жағдайлары, жалақы, өмір сүру сапасы, жазалау және ынталандыру жүйелері, тиімді кері байланыс құру бойынша кеңес береді.

IR -мамандарының жұмысындағы ең тиімді құралдардың бірі-дұрыс коммуникацияларды жүргізуге үйрету, -дейді есептейді спикер. Сонымен қатар, IR стандарттары мен саясаттары Қазақстан ратификациялаған халықаралық еңбек ұйымының халықаралық конвенциялары негізінде әзірленеді. Industrial Relations жүйесін енгізу, компания басшылары мен жұмысшылары үшін  әсіресе, қызметкерлер саны көп және үздіксіз жұмыс істейтін ірі компаниялар үшін аса тиімді.

“Human Capital Days” адами капиталды дамыту жөніндегі II Халықаралық форум аясында бірнеше шеберлік сағаты өтті. Онда қатысушылар Industrial Relations саясатымен, IR қызметін іс жүзінде өндіріске енгізу әдістері және қақтығыстардың алдын алу мен түрлі тәуекелдерді басқару құралдарымен жіті танысты. Аталмыш іс-шара HR мамандарына өз жетістіктерін бағалауға, трендтер мен мүмкіндіктерді игеруге, одан әрі жұмыс істеу үшін жаңа құралдар мен шабыт алуға мүмкіндік береді.