Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің өкілдері бұл жобалар елдің индустриялық-инновациялық дамуына серпін беріп, жаңа өндірістерді жолға қоюға, сондай-ақішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді деп санайды. 

Мұндай жобалардың қатарында 2022 жылыпайдалануға берілген, жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін «KPI» компаниясының зауытын жатқызуға болады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын шамамен 250 мың тонна өнім өндірді. Полипропилен мемлекеттің экономикалық өсуіне тікелей әсер ететін электроника, электротехника, машина және құрал жасау, өлік технологиялары, құрылыс, тұрмыстық химия секілді барлық дерлік саласында кеңінен қолданылады. Бұл жоба – еліміздің полипропилен импортына тәуелділігін азайтуға, одан өзімізде жасалатын өнімдердің бағасын арзандатуға, экспорт әлеуетін көтеруге бағытталған аса маңызды қадам. 

Стратегиялық маңызы жоғары тағы бір жоба – жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен өндіретінзауыттың бастапқы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. 

Сонымен қатар, бутадиен, карбамид, полиэтилентерефталат және алкилат өндіруге арналған өзге де жобалар дайындықтың әртүрлі сатысында пысықталуда.

Энергетика министрлігі стратегиялық маңызы жоғары деп танылған жобаларды іске асырғанныңнәтижесінде шамамен 3,5 мың тұрақты және 16 мың уақытша жұмыс орны ашылады деп есептейді. Бұл өз кезегінде өңірлердің экономикасындамытуға, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, сәйкесінше жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге елеулі үлес қосады.