ҚР Сауда және интеграция министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан тұңғыш рет 8-орынға ие болып, күнбағыс майын экспорттаушылардың әлемдегі ең ірі ондығының қатарына енгенн хабарлады. Соңғы үш жылда елде күнбағыс майының өндірісі 2,5 есеге, экспорт 4,8 есеге өскен, ал оралған майдың импорты 11%-ғақысқарды. 

Қазақстан Еуропалық Одаққа күнбағыс өнімін сататын ірі экспорттаушы елдердің үштігіне кірді. Өткен маусымда май, ұн және торт сатудан түскен экспорттық кіріс 562 миллион АҚШ долларынажетті. Алдағы жылдары Қазақстан бұл көрсеткішті жылына 1 миллиард АҚШ долларына дейін өсіруді жоспарлап отыр. 

«Бүгінде Қазақстан ішкі нарықты толығыменқамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандырады. Сондай-ақ экспортты ұлғайтады. Біз тек өнімді экспорттапқана қоймаймыз — біз елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтып, бүкіл өңір үшін азық-түлік тұрақтылығын жеткізушіге айналамыз. ҚР Сауда және интеграция министрлігінде қазақстандық май өңдеу кәсіпорындарын ілгерілетудің тиімді құралдары бар. Бұл сауда-экономикалық миссиялар, экспортты жеделдету бағдарламасы, сондай-ақ экспортты ілгерілету шығындарын өтеутетіктері. Біз қазірдің өзінде негізгі нәтижелерді көріп отырмыз. Соңғы 5 жылда қазақстандық өсімдік майын әлемдік нарыққа жеткізу тұрақты өсуіп келеді», – деп атап өтті «QazTrade» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыров.

Қазақстан күнбағыс майын Орталық Азия елдері мен Қытайға экспорттайды. Жақын уақытта экспорт географиясын Таяу Шығыс елдері толықтырады деген жоспар бар. 

Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің Ұлттық қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов келтірген дерек бойынша май өнімдерімен жем-шөптің жаһандық нарығының көлемі – 43 миллион тонна. Қазақстанның әзірге сыртқа сататын өнімі бұл саннан 42 есе аз. Демек бұл үлкен мүмкіндік дейді май өндірушілер. 

Осыған байланысты Астанада май саласыныңэкспорттық әлеуетін дамытуға арналған дөңгелекүстел өтуде. Онда майлы дақылдар экспортындамыту жөніндегі үш жылдық жоспар бойынша жұмыс реті талқыланып жатыр. Басты мақсат – мемлекет пен бизнес арасындағы орнықты ынтымақтастықты жолға қою. Осы бастамашең берінде 2025-2027 жылдарға арналған экспорттық Жол картасы әзірленеді.