
Иордания астанасы – Амманда жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы 44 медаль, оның ішінде 16 алтын медаль жеңіп алып, тамаша нәтижеге қол жеткізді. Қазақстан жас боксшыларының ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте Үндістан мен Өзбекстан құрамаларын артқа тастап, бірінші орынды иеленді. Турнирге қатысушылар екі жас санатында, 15 жасқа дейін және 17 жасқа дейінгі боксшылар арасында жүлделерді сарапқа салды. Тұңғыш рет World Boxing аясында өткен беделді турнирге әлемнің 18 елінен ең мықты былғары қолғап шеберлері жиналды.
