Алдағы маусым мен қыркүйек айларында Қарағандыдан Балқашқа қосымша жүрдек пойыз жолға шығады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Балқаштың туристер үшін тартымдылығын көтеру үшін және қарағандылықтарға ыңғайлы болу үшін жүрдек пойыз тоқтайтын аялдама саны аязаяды.

Соның арқасында Қарағандыдан Балқашқа дейінгі жол уақыты 6 сағат болады. Алты вагоннан тұратын құрам күнара жүретін болады. Жоспар бойынша маусым мен қыркүйек арасында қосымша пойыз 30 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Соңғы кездері Балқашқа келушілердің қарасы өсіп келеді. Ресми дерек бойынша, 2023 жылы Балқаш өңірінде 360 мың турист демалған.
Фото: gov.kz