Қазақстанның барлық өңірінде көктемгі егіс науқаны қызып тұр. Бүгінге дейін 5,2 млн га жерге егін егілген. 

Облыстар бойынша: Ақмола облысында – 971,1 мың га, Алматы облысында – 228,4 мың га, Ақтөбеоблысында – 124,9 мың га, Шығыс Қазақстан облысында – 337,6 мың га, Жамбыл облысында – 316,5 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 171,2 мың га, Қарағанды облысында – 435 мың га, Қостанай облысында – 385,1 мың га, Павлодар облысында – 467,9 мың га, Солтүстік Қазақстан облысында – 359,1 мың га, Түркістан облысында – 482 мың га, Жетісу облысында – 353,6 мың га, Абай облысында – 463,6 мың га жерде егіс жұмыстары жүріп жатыр. 

Егіс алқаптарының басым бөлігіне – 3 млн гектардан астам жерге дәнді дақылдар себіледі, көлемі жағынан екінші орында тұрған майлы дақылдар биыл 1,2 млн га алады. Мал азығы дақылдарының аумағы – 382,3 мың га. Биыл 91,4 мың га алқапқа көкөніс, 66,7 мың га жерге картоп, 69,9 мың га бақша дақылдары, 130,9 мың га мақта,17,4 мың га қант қызылшасы, 52,6 мың га күрішегілді.

Диқандар 1 млн тоннадан астам минералды тыңайтқыш алуға келісімшарт жасаған, күні бүгінге дейін оның 849,2 мың тоннасы шаруаларға жөнелтілген. Биылғы жылғы тұқымға деген  2,3 млн тонна сұраныс толығымен өтелген. Жеңілдетілген бағамен бөлінген 401 мың тонна дизель отынының бүгінге дейін жартысынан астамы – 233 мың тоннасы жөнелтілді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық өңірде егіс жұмыстары жоспарға сәйкес жүріп жатқанын хабарлайды. 

Фото: gov.kz