2024 жылдың 12 мамырынан бастап тұңғыш рет Қазақстанда өнеркәсіп кәсіпорындары үшін технологиялық жабдық сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеу тетігі іске қосылды. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарға мемлекет жұмсаған ақшасының 40 пайызына дейін қайтарып беретін мүмкіндік ұсынды. 

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ осы қолдаудың бір жылдағы нәтижесін жариялады.

«Шығындарды өтеудің жаңа тетігі іске қосылған сәттен бастап бір жыл ішінде біздің орталық 1,1 миллиард теңгеге кәсіпорындардың технологиялық жабдық сатып алуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеді», – деп хабарлады  «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы.

3D-сканер, 3D-принтер және кең форматты принтер сияқты цифрлық шешімдермен қоса, жаңа технологиялық жабдықты сатып алған өңдеуші кәсіпорындарға мемлекет жұмсаған шығындарының 40%-ын (бірақ 60 миллион теңгеден аспайтын) өтеп береді. 

Бір жыл ішінде Алматы желдеткіш зауыты, «Майами Solar», «ANNC Construction», «Мехлитком», «Barys E&T», «Temir SAK» секілді компаниялар осы жеңілдікті пайдаланған 

Мысалы, фиброцементтен тұратын қасбеттік тақталар өндіретін ANNC Construction зауытына QazIndustry бояу желісіне алған жабдығының бір бөлігін өтеді. 44 миллион теңге көлеміндегі өтемақы кәсіпорынға өндірісті одан әрі жаңғыртуға және өнімнің құнын едәуір төмендетуге мүмкіндік берді.

«Өтемақы өтініш бергенге дейін кемінде бір жыл жұмыс істеген, салық және басқа міндетті төлемдер бойынша қарызы жоқ кәсіпорындарға беріледі. Сонымен қатар, соңғы үш жылдағы салық төлемдері тұрақты өсуі тиіс. Бұл шарттың үш жылдан аз уақыт бұрын тіркелген компанияларға қатысы жоқ», – деп атап өтті «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А.Сағиев.

QazIndustry мәліметі бойынша, жаңа мемлекеттік қолдау шарасы кәсіпорындар арасында жоғары сұранысқа ие бола бастады. Қолдау шарасы іске қосылған сәттен бері орталыққа кәсіпорындардан 340-тан астам өтінім түскен.

Мемлекет кәсіпорындарға еңбек өнімділігін арттыру және ішкі нарықта өнім өткізуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтейді. Өтемақы мөлшері 40%-тан 50%-ға дейін барады.

Мемлекеттік ынталандыру шараларының шарттары туралы https://qazindustry.gov.kz/ru/business_supportсайтынан толығырақ білуге болады.