Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласында үкімет және жергілікті атқарушы билік өкілдерінің қатысуымен өткен жиында аймақтағы біліп саласындағы жұмыстың нәтижесі көңіл көншітпей тұрғанын мәлімдеді. Маңғыстау өңірінде 3,5 мыңғажуық бала балабақша кезегінде тұр. Былтыр мектептегі білім деңгейін бағалау үшін облыста арнайы өткізілген тест қорытындысында сынаққа қатысқан балалардың 37 пайызы өте төмен ұпай жинаған. Былтырғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері де мәз емес. 1,5 мыңға жуық маңғыстаулық талапкер, яғни емтихан тапсырғандардың 20 пайызы оқуға түсуге қажет ең төменгі балдың өзін жинай алмаған. Бұл – еліміздегі ең нашар көрсеткіштің бірі.

Биыл қаңтар айындағы тестілеуге 8 мыңнанастам оқушы қатысқан. Оның үштен бірі шектікөрсеткіштен өте алмаған. Облыстағы ауыл жәнеқала мектептерінің арасындағы білім сапасының алшақтығы – өзекті мәселенің бірі. Тіпті Ақтау мен Жаңаөзендегі мектептердің білім деңгейіндеайырмашылық бар.
– Мектептегі орын тапшылығы азаймақ түгілікөбейіп барады. Қазір 14 мыңға жуық орынжетіспейді. Үш ауысымды және апаттымектептер мәселесі әлі күнге дейін шешімінтапқан жоқ. «Самұрық-Қазына» қоры облысәкімдігімен бірлесіп, жайлы мектептердіңқұрылысын тездетуі қажет. Бұған қоса сапалыстандартты мектеп салу жұмысын жалғастырукерек.,-деді президент.
Соңғы жылдары аймақта сәби өлімі азайғанымен, Маңғыстау облысы елімізде сәби өлімінің саны жағынан алда келе жатыр. Облыста жедел жәрдем бригадалары жетіспейді. Президент Қ-Ж.Тоқаев балалардың балабақша мен мектепте тамақтанжаппай улануының азаймай тұрғанын айтып, «Бұл– әбден ұят нәрсе» деп атады. Президент үкіметке жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқушылардың қауіпсіздігін, оның ішінде тағамның қауіпсіздігін қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Фото: https://t.me/aqorda_resmi