Президент Қ-Ж.Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Кендірлі курорты аймағында жаңа әуежайдың құрылысын жеделдетіп аяқтауды тапсырды.
Әуежай сағатына 150 жолаушыны қабылдай алады. Каспий жағасындағы ерекше жағажайымен танымал Кендірлі демалыс орнын Алматы және Астана қалаларымен жалғайтын тұрақты әуе рейстерін ашужоспарланған.
Президент Қазақстанды Еуразияның көлік-логистика хабына айналдыру жолында Маңғыстаудың алатын орны ерекше. Және онымен қоса өңірдің туристік әлеуетін де тиімді пайдалану үшін инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру қажет екенін мәлімдеді.
2025 жылы Қазақстанда Зайсан, Қатон-Қарағай және Кендірлі курорт аймақтарында әуежай салу жұмыстары басталды.
Фото: https://t.me/aqorda_resmi