23 сәуірде Астана қаласында «Ұлттық кітап күнін» мерекелеу аясында төл әдебиетіміздегі 100 танымал кітапты іріктеп алуға арналған жалпыұлттық сауалнаманың таныстырылымы ұйымдастырылып, игі іс-шара басталды. Сауалнама 3 айға созылып, нәтижесі 10 тамыз – «Абай күні» қарсаңында жарияланатын болады.
Сауалнаманың басты мақсаты – еліміздің әдеби мұрасын сақтау және дамыту, Қазақстан жазушыларының шығармаларын дәріптеу, халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және баспа ісін дамыту. Бұл жөнінде ҚР президенті Қ-Ж.Тоқаев: «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деген еді.
Электронды үкіметтің ресми сайтында (eGov.kz) арнайы бөлім ашылып, онда әрбір ниет білдірген азамат Қазақстан жазушыларының өзі ұнататын шығармаларына дауыс бере алады.
Еліміздің қалаларында дауыс беру парақшасына өтуге мүмкіндік беретін QR-код бейнеленген баннерлер орнатылады. Сауалнамаға қатысушылар проза мен поэзия, фантастика, публицистика, тарихи романдар және басқа да түрлі жанрлар бойынша 10 кітапқа дейін таңдау жасай алады.
Жұртшылықтың қызығушылығын арттыру үшін жобаның серіктесі «Меломан-MARWIN» дүкендер желісі ынталандыру сыйлықтарын ұсынады.
«100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы кітап оқу мәдениетін нығайту жолындағы жаңа қадам болмақ. Сондай-ақ ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыруға және қазақ әдебиетінің рөлін күшейтуге септігін тигізеді.
«Абай жолы» мен Абайдың «Қара сөздері» ең сүйікті кітаптардың көшін бастады
«Ұлттық кітап күні» қарсаңында «eGov mobile»қосымшасында ұйымдастырылған сауалнама қазақстандықтар арасында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» мен ұлы ақынның «Қара сөздері» ең сүйікті әрі танымал кітаптар екенін көрсетті. Оларды жауап бергендердің 20% оқыған.
Одан бөлек Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділері», Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тері», Радик Темірғалиевтің «Ак Орда. История Казахского ханства» еңбегі мен Бауыржан Момышұлының шығармалары да отандастарымыздың сүйікті кітаптарына айналған. Сауалнамаға 46 мың ересек азамат қатысқан. Олардың ішінде 57% кітапты үнемі оқыса, 31% жылына 1–3 кітап оқитынын, ал 26% үштен көп кітап тауысатынын айтқан.
Жауап бергендердің 26% тарихи әдебиетті ұнатса, 16% шытырман оқиғаны, детектив және махаббат романдарын сүйіп оқиды, 15% – психология мен өзін өзі дамыту кітаптарын жөн көреді. 8%-дан сәл астамы ғылыми және кәсіби шығармаларға ден қойса, классикалық шығармаларды ұнататындар 1 пайыздан кем.
Биыл 23 сәуірде елімізде тұңғыш рет «Ұлттық кітап күні» аталып өтті. Бұл мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.