30 мамыр мен 1 маусым аралығында Астана қаласында конкурдан Еуразиялық Лиганың Әлем Кубогының кезеңі (FEI CSI 1*-W) және Атпен мәнерлеп жүру бойынша халықаралық турнир (FEI CDI 1*) өтеді.
Ауқымды халықаралық жарыстарды «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде көруге болады. Халықаралық ат спорты Федерациясының (FEI) қолдауымен ұйымдастырылған жарысқа алты елдің ең мықты құрама командалары қатысады.
Үш күн ішінде 60-тан аса үздік спортшы әр түрлі кедергілерден тұратын маршруттар мен атпен жүруден өз шеберліктерін көрсетеді деп жоспарлануда.
Конкур – жылқының және шабандоздың кедергілерден өту қабілетін анықтайтын олимпиадалық спорт түрі. Мақсат– қашықтықты қателіксіз әрі мүмкіндігінше қысқа уақытішінде еңсеру.
Атпен мәнерлеп жүру – ат спортындағы жоғары деңгейсайысы, мұнда шабандоз бен ат арнайы аренада дәлдікпенжәне үйлесімділікпен түрлі қимылдарды орындайды.
Астанада Әлем Кубогы кезеңінің өтуі Қазақстанда ат спортының дамығанының көрсеткіші дейді мамандар. Мұндай жоғары деңгейдегі жарыстар қазақ шабандоздарына шеберліктерін көтеруге, шетелдіктермен бәсекеде шыңдалуға және халықаралық турнирлерге жолдама жеңіп алуға мүмкіндік береді.
Фото: Vesti.kz