Былтырдан бері Астана қаласының 10 мектебінде және Қостанай облысындағы 10 орта білім ошағында «Әлеуметтік әмиян» цифрлы жүйесі пилотрежимде сынақтан өтіп жатыр. Бұл жүйе әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 5-11 сыныптарда оқитынбалаларына берілетін тегін ыстық тамақтың әділ әрі ашық түрде таратылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – ата-ана қағаз құжат жинап әуре болмайды. Мемлекеттік деректер базасы автоматты түрде іріктейді.
«Әлеуметтік әмиян» жүйесінің жұмыс істеу тәртібі
«Әлеуметтік әмиян» – әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына тегін ыстық тамақ беру үдерісін автоматтандыруға және ашық бақылауға арналған цифрлық шешім. Жүйе автоматты түрде ата-анаға баласының тегін тамақтануға құқығы бар екені туралы хабарлама жібереді.
Ата-ана келісімін берген соң, цифрлы тамақтану ваучері әзірленеді. Бұл ваучерді ата-ана eGov mobile қосымшасымен іске қосады. Оқушы мектеп асханасына барғанда QR-код, карта немесе Face ID арқылы өзінің тегін тамақтануға құқығын растап, ыстық ас алады. Осыдан кейін ата-ананың телефонына баласының мектепте тамақтанғаны жөнінде хабарлама келеді.
Жүйеде кері байланыс функциясы да бар. Мәселен ата-ана тамақтың сапасына баға бере алады. Ал айдың соңында автоматты түрде көрсетілген қызмет туралы акт жасалып, қызмет көрсетушіге тек нақты қызметі үшін ақша төленеді.
Пилоттық мерзімнің нәтижелеріне қарай, жүйені 1–4 сынып оқушыларына да кезең-кезеңмененгізу жоспарланып отыр. Осы арқылы білім беру саласындағы барлық жастағы оқушылар үшін мектепте тамақ беруді бірізді етіп, мемлекеттік қолдаудың ашықтығы мен әділетті болуын қамтамасыз ету көзделген.
Фото: gov.kz