Маңғыстау облысында жұмыс істеп жатқан 77 мыңшағын және орта бизнес нисаны былтыр 2,2 триллион теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсеткен. Бұл туралы президент Қ-Ж.Тоқаевтың облысқа жасаған жұмыс сапары барысында жария болды. Биыл аймақтағы шағын және орта бизнесті қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Қазір бұл қаржының 12,5 миллиарды 150 жобаға қолдау ретінде жұмсалған. Жақын арада «Манғыстау Бизнес» бағдарламасы іске қосылады. Оның аясында 30 жаңа жобаға 1,5 миллиард теңге бөлінбек.

Мемлекет басшысы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы облыстағы кәсіпкерлікті дамытуға серпін беретін орталықболуы керек екенін мәлімдеді. Қазір портта 22 жаңажоба жүзеге асырылып жатыр. Арнайы экономикалық аймаққа құйылған 337 миллиард теңге инвестицияның тең жартысын шетелдік инвесторлар салған.

Маңғыстау облысының әкімі президентке берген есебінде экономикалық аймақта бірінші кезекте халық тұтынатын тауарларды, соның ішінде азық-түлік өндірісін қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдады.

Маңғыстау облысындағы маңызды инвестициялық жобалардың қатарына Ақтау қаласындағы қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысының құрылысын, мультимодальдылогистикалық-авиациялық хаб, кеме құрастыруверфі, бекіре балығын өсіру және уылдырық өндіру шаруашылығы, «Бозжыра» визит орталығын салу, сондай-ақ аммиак-карбамид кешенін іске қосусекілді жобаларды жатқызуға болады.                    

Былтыр аймақ экономикасына 1,1 млрд АҚШ доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылған, құны 36 млрд теңге болатын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 530 тұрақты жұмыс орны ашылған.

Фото: https://t.me/aqorda_resmi