NBC News телеарнасы Amazon компаниясы экипажы тек әйелдерден тұрған New Shepard зымыранын ғарышқа ұшырғанын хабарлады. Телеарна зымыранның ұшуын тікелей эфирде көрсетті. Осылайша 1963 жылы ғарышқа В.Терешкова ұшқаннан кейін екінші мәрте бірыңғай әйелдерден құралған экипаж ғарышта болып қайтты.
Ғарыш кемесіне танымал әнші Кэти Перри, CBS телеарнасының жүргізушісі Гейл Кинг, NASA-ның бұрынғы қызметкері Аиша Боу, кинопродюсер Керианн Флинн, азаматтық құқықтар қозғалысының белсендісі Аманда Нгуен мінген. Тек әйелдерден тұратын ғарыш миссиясына журналист және Amazon компаниясының негізін қалаушы Джеф Безостың әйелі – Лорен Санчес басшылық етті.
Зымыран 11 минут ұшқан. Келіншектер Жерден 100 шақырым биікте болып, салмақсыздықтың қандай болатынын басынан кешірді. Бұл сапар миллиардер Джеф Безосқақа тиесілі Blue Originжобасы жүзеге асырып жатқан New Shepardбағдарламасы аясында ғарышқа жасалған 31-ші саяхат болып отыр.