Ал қалған дәрілерге 10 пайызға дейін қосымша құн салығы салынады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында жаңа Салық кодексін таныстырғанда айтты.
Қазақстанда ақылы медициналық қызметтерге 10% ҚҚС қосылады. Елдің жаңа салық саясатына бірқатар өзгеріс енгізу қарастырылған.
«Дәрі-дәрмекке қатысты жағдайды білесіздер. 85 пайызы – шетелдік, импорттан келген. Бағаны біз ұстай алмаймыз. Құнының ішінде маркетинг бар, жарнама бар, олар қоса береді. Біз оларды тоқтата алмаймыз. Біз берген жеңілдіктер импортқа және делдалдарға кетеді. Сол себепті осы дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін жасаймыз, оған ешқандай салық қоймаймыз. Қалғанына 10 пайызға дейін салық болады» , – деді Серік Жұманғарин.